
Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан №226 “Келешек мектептің” аумағында «Азимут» құрылыс компаниясы кең көлемді экологиялық акция ұйымдастырды. Акция аясында шамамен 900 түп ағаш пен бұта отырғызылды. Олардың қатарында: қарағай, шырша, арша, шетен, терек, катальпа, ясен, тамариск және пузыреплодник бар.
Бұл бастама болашақ мектеп аумағын көгалдандыруға және экологиялық ортаны жақсартуға бағытталған.
600 орындық Комфорттық мектептің құрылысы биылғы жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарлануда.