"Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында Сейфуллин даңғылы мен Кассин көшесінің күрделі жөндеу жұмыстары жасалуда

"Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында Сейфуллин даңғылы мен Кассин көшесінің күрделі жөндеу жұмыстары жасалуда

Ауданда "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында көп пәтерлі тұрғын үйлердің аула аумақтарын күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бүгін Сейфуллин даңғылында орналасқан 9 мекен-жайы бойынша 190, 192, 196, 198, 184, 186, 188, 181/33 және Кассин көшесі 172 аулалар пайдалануға берілді. Әр ауланың жобасына балалар және спорт алаңдарының құрылысы, көшені жарықтандыру, асфальттау және басқа да бірқатар жұмыстар енгізілді. Аулаларды абатандыру кезінде тұрғындардың да пікірлері ескерілді, кейбір аулаларда тұрғындар үшін киім-кешек жаятын алаңын ұйымдастыру маңызды болды. Басқа аулалар қажеттіден қалған учаскелерді қысқарту есебінен балаларға арналған алаң аумағын ұлғайтуды да сұрады. Тұрғындар тілектері бойынша келісушілікке қол жеткізілген кезде, техникилық мүмкіндіктерді ескере отырып ұсыныстар қабылданды. Жалпы ағымдағы жылы ауданды абаттандыруға көп көңіл бөлінді. Алға қойған жоспар бойынша жұмысты жалғастырып, жақын арада тағы да бірқатар нысандардың аяқталуын күтеміз. Сіздерді жасалған жұмыстар жайында хабардар етіп отырамыз.