Салтанатты жиында жаңа қызметкерлер мемлекеттік қызметші антын қабылдады

Салтанатты жиында жаңа қызметкерлер мемлекеттік қызметші антын қабылдады

Республика күні қарсаңында Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Қожанбердіұлы Ақжаров аудан әкімі аппаратының ұжымымен салтанатты жиын өткізді.

Өз сөзінде аудан әкімі ұжымды еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтап, ел тарихындағы маңыздылығын атап өтті.

 «Бұл күн – шын мәнінде егемен, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының бастауы, біз мақтан тұтатын жетістіктеріміздің іргетасы болды. Бүгінгі Қазақстан – қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Бейбітшіл және достық саясатының арқасында еліміз әлемдік қауымдастықта жоғары беделге ие болды. Біздің қоғамымызда 130-дан астам этнос өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде, ал әрбір азаматтың еңбегі елдің өркендеуіне өз үлесін қосуда», – деп атап өтті Бақытжан Ақжаров.

Бұл күн үш жаңа мемлекеттік аудан аппаратының қызметкерлері Тоқтыбаева Ақерке, Қалибек Нұрдәулет, Нақысбек Саидбек үшін ерекше мәнге ие болды.

Салтанатты жағдайда жаңа қызметкерлер мемлекеттік қызметші антын қабылдады.

Ант қабылдау рәсімінен кейін аудан әкімі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген аппарат қызметкерлерін Алғыс хаттармен марапаттады.

Сонымен қатар, жиын барысында Түрксіб ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Жанна Еділқызы Әбдікерімова қызметкерлерге мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын қатаң сақтау қажеттілігі туралы еске салды. Ол жоғары қызметтік тәртіпті сақтау, сыпайылық таныту және мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту маңыздылығын ерекше атап өтті.