"Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында Дегдар көшесінің аула аумақтарын абаттандыру

"Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында Дегдар көшесінің аула аумақтарын абаттандыру

Бүгін біз Дегдар көшесінің аула аумақтарын абаттандыру бойынша жұмыстарды қабылдадық. "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында 15,17,31 және 36 үйлердің аулаларында кешенді абаттандыру жүргізілді - жаңа ШСФ және арнайы жабындысымен  балалар және спорт алаңдары салынды, көшені жарықтандыр тіректері, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, асфальт төселді жәна жиегіндегі тастары ауыстырылды. Осы көше бойында көппәтерлі тұрғын үйлерден басқа, жеке сектордың 600-ден астам тұрғындары тұрады. Аталған жоба барлық көше тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып демалыс орындарын ұйымдастыру үшін жүзеге асырылды. Жаңа алаңдар жақын арада ересектер мен балалар үшін тартымды орынға айналады деп үміттенеміз.