Алдыңғы азаматтарды қабылдау отырысы кезінде бізге Бұрындай және Петрозавод көшелерінің тұрғындары жүгінген болатын. Аталған мекенжайларда бұған дейін Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысы бойынша инженерлік желілерді салу жұмыстары жүргізілген.
Тапсырыс беруші және мердігер ұйыммен бірлесіп, учаскелерді қалпына келтіру жөнінде келісімге келдік. Кеше тұрғындармен кездесіп, жұмыстардың орындалу барысын тексеру үшін аталған жерге жұмыс сапарымен бардық.
Бүгінгі таңда қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды.