Таза Қазақстан: аудан аумағында жергілікті сенбіліктер өтті.

Таза Қазақстан: аудан аумағында жергілікті сенбіліктер өтті.

Экологиялық акция аясында аудан аумағында жергілікті сенбіліктер ұйымдастырылды.
Ерекше назар Қонаев ӨК аумағына аударылды. Мұнда белсенді тұрғындар, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, жастар және коммуналдық қызмет мамандары бірлесіп еңбек етті.
Ауданның әртүрлі нүктелерінде жалпы 860-тан астам адам жұмысқа қатысты.
Тек Қонаев ӨК аумағында ғана бірлесе отыра 125 текше метр қоқыс жиналып, шығарылды.
Кешенді санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді: көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдарын жинау және жуу, жыраны тазалау, шөп шабу, құрылыс қалдықтарын, бұтақтарды және басқа да кездейсоқ қалдықтарды жинау мен шығару жұмыстары атқарылды.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз.