Бұған дейін тұрғындардың өтінішімен қала әкімі Дархан Сатыбалды нысанға барып, жылумен қамту мәселесін шешу үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырған болатын.
Тұрғындар өткен жылыту маусымында жүйелердің жұмысына және жылу сапасына қатысты шағымданған еді. Соның нәтижесінде құрылыс компаниясымен бірқатар нақты шешім қабылданды.
Тұрғын үй кешенінде дербес қазандық бар, жылыту маусымы басталар алдында оның жабдықтарына толық техникалық тексеріс жүргізілді.
Қазандықта жаңа қазан агрегаттары мен сорғылар орнатылды. Сонымен қатар, болашақта осы аумақтың дамуын ескере отырып, қосымша ірі қазандық салу жұмыстары басталды. Қазандық аумақты толықтай жылумен қамтамасыз ете алады.