Қайрат шағын ауданындағы жол құрылысы

Қайрат шағын ауданындағы жол құрылысы

Шағын аудан аумағында инженерлік коммуникация құрылысы аяқталған көшелерде жолдарды асфальттау жұмыстары жалғасуда.

Кеше Новая көшесінде жол жұмыстары басталды.

Жалпы, жоспарланған 25 учаскенің бәрінде жұмыстар қазан айының соңына дейін аяқталады.

Асфальтбетон жамылғысы жолдың толық ені бойынша төселетін болады, бұл инженерлік желілер құрылысы жобасы аясында қарастырылған.