Әдеп жөніндегі уәкілмен кеңес өткізілді

Әдеп жөніндегі уәкілмен кеңес өткізілді

Түрксіб ауданы әкімі аппаратының этика жөніндегі уәкілі, аппарат басшысы Ж.Е.Әбдікерімова аудан әкімдігінің мәжіліс залында аппарат қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшінің этикасы жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында Ж.Е. Әбдікерімова мемлекеттік қызметте жұмыс істеу — бұл қоғам тарапынан үлкен сенім білдіретін құрметті миссия екенін атап өтті. Сондықтан азаматтардың бұл жоғары сенімін ақтау үшін мемлекеттік қызметшінің этикасы туралы Заңда көрсетілген ережелерді күнделікті қатаң сақтау өте маңызды екенін айтты.

Мемлекеттік қызметшінің жұмысындағы басты басымдық — жоғары кәсібилік пен біліктілік қана емес, сонымен қатар аудан тұрғындарының мәселелері мен өтініштеріне мұқиятпен қарау болып табылады. Тұрғындармен қарым-қатынаста дөрекілік пен немқұрайлылыққа, азаматтардың құқықтарын бұзатын әрекеттерге жол беруге болмайды.

Этика жөніндегі уәкіл Ж.Е. Әбдікерімова азаматтардың өтініштерін қарау мәселесіне де ерекше тоқталып, бұл жұмыстар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) нормаларына қатаң сәйкес жүргізілуі тиіс екенін ескертті.

Мемлекеттік қызметшінің этикасы сондай-ақ сыртқы келбет пен дресс-кодқа да қатысты, сонымен қатар кеңесте лудомания (ойынқұмарлық) мәселесі мен мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ұйымдарға қатысуының жол берілмейтіні туралы тақырыптар қозғалды.

«Таза Қазақстан» жобасы аясында аудан әкімі аппаратының барлық қызметкерлері апта сайын сенбілікке белсенді қатысып келеді.