Таза Қазақстан: аудан аумағындағы жергілікті сенбіліктер

Таза Қазақстан: аудан аумағындағы жергілікті сенбіліктер

«Таза жағалау» науқаны аясында аудан аумағында жергілікті сенбіліктер өтті.

Ерекше назар Волочаев көшесі мен Рысқұлов даңғылы бойымен орналасқан Кіші Алматы өзені жағалауына аударылды. Мұнда аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, аудандық мекемелер мен коммуналдық қызмет өкілдері жұмыс істеді.

Жалпы 600-ден астам адам қатысып, 70 м³ қоқыс жиналып, шығарылды.

Кешенді санитарлық жұмыстар атқарылды: көшелер мен жаяу жүргінші жолдарын тазалау және жуу, шөп шабу, құрылыс қалдықтарын, бұтақтарды және басқа да тұрмыс қалдықтарын жинап-шығару жұмыстары жүргізілді.