Заветная көшесінде жаңа демалыс аймағы пайда болды.
Халық қатысатын бюджет бағдарламасы аясындағы жоба бойынша бос жатқан аумақта заманауи балалар алаңы салынып, воркаут-алаңы орнатылды, резеңке жамылғы төселді, жолға асфальт жабындысы салынды, орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылды, көше жарықтандыру желілері жүргізілді.
Ыңғайлы қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыру – аудан жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді. 30 қыркүйекке дейін budget.open-almaty.kz интернет-порталы арқылы абаттандыру бойынша жоба ұсыныстарын қабылдау жалғасатынын еске саламыз. Әр тұрғын ауданның дамуына өз үлесін қоса алады.