Қала күніне орай ауданда жаңа жаяу жүргіншілер аймағы ашылды

Қала күніне орай ауданда жаңа жаяу жүргіншілер аймағы ашылды

Кунгурская көшесінде, Осипенко көшесінен Тынышпаев көшесіне дейінгі учаскеде жаяу жүргіншілерге арналған серуен аймағын абаттандыру жұмыстары аяқталды.

Жоба аясында тротуарлық кеспешке төсеу, жол жиектасын орнату, асфальт жабындысын салу, шағын архитектуралық пішіндер (ШАП) орнату, сыртқы жарықтандыру желісін жүргізу және қоршау орнату кешенді жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар аумақты абаттандыру шеңберінде жасыл желектерге санитарлық қырқу жұмыстары жасалды, суару жүйесі орнатылды, көгал аймақтары тегістеліп, бұталар отырғызылды.

Бүгінде бұл қоғамдық кеңістік шағын аудан тұрғындарының бас қосатын орталығына айналды.