«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталды

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталды

25 қыркүйекке дейін budget.open-almaty.kz интернет-порталы арқылы аудандарды абаттандыруға арналған жобалық ұсыныстар қабылданады.

Жобалық ұсыныстар келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • қала тұрғындары үшін өзектілігі;
  • бір өтінім – бір нысан қағидасы;
  • нысан ұсынылған аудан аумағында орналасып, жалпыға ортақ пайдаланылатын, қолжетімді жер учаскесінде болуы;
  • аудан әкімдігінің құзыретіне сәйкес келуі.

Бағдарламаға қатысу талаптарымен budget.open-almaty.kz сайтында танысуға болады.