ХҚБ 2025: Ауданда тағы бір жаяу жүргіншілер серуендеу аймағы ашылды

ХҚБ 2025: Ауданда тағы бір жаяу жүргіншілер серуендеу аймағы ашылды

Халық қатысатын бюджет бағдарламасы аясында Жас-Қанат шағын ауданында жаңа қоғамдық кеңістік абаттандырылды.

Жоба шеңберінде жол-жабынын төсеу, кеспекше салу, көгал егу, жарық шамдарын, сәндік пергола, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату жұмыстары жүргізілді.

Қосымша жаңа аялдама кешені қойылып, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында демалыс аймағы бейнебақылау камераларымен жабдықталды.