Күрделі жөндеуден кейін № 20 қалалық емхана жұмысын қайта бастады.
Жоба аясында шатырдың, лифтінің, терезелер мен есіктердің бір бөлігі, еден және төбе жабындары, ғимараттың қасбеті және сыртқы жылу оқшаулау жұмыстары жүргізілді.
Инженерлік желілер толықтай жаңартылды: жылу жүйесі, су құбыры мен кәріз, электрмен жабдықтау және желдету жүйесі.
Жүргізілген жөндеу жұмыстары пациенттер мен емхана қызметкерлеріне жайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.
Бүгінгі таңда емханаға тіркелген халық саны 21 505 адамды құрайды.