Сүйінбай көшесі, 348 үй мекенжайында балалар, спорт және воркаут алаңдарының абаттандыру жұмыстары аяқталды.
Учаске аумағында кешенді абаттандыру жүргізіліп, футбол алаңы салынды, балалар мен спорт алаңдары орнатылды, сыртқы жарықтандыру желілері тартылды, қоршаулар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылды, резеңке жабындысы мен жаяу жүргіншілер жолы жиектасы төселді.
Жаңа қоғамдық кеңістікте құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында бейнебақылау камералары орнатылды.