Жұмыстар бірнеше жерде жүргізілді, оның негізгі бөлігі 13-ші Әскери қалашықтағы 54-үйдің аумағында және Кассин көшесі, 146/4 мекенжайында өтті.
Кешенді санитарлық тазалау жүргізіліп, оған көшелер мен жаяу жүргіншілер жолын жинау және жуу, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің, заңды тұлғалардың, құрылыс және өзге де нысандардың аумақтарын тазарту кірді.
Шөп шабу, арық жүйесін тазалау, құрылыс қалдықтарын, бұтақтар мен басқа да кездейсоқ қоқыстарды жинап, шығару жұмыстары атқарылды.
Өзен арнасымен шектесетін № 54 үйдің маңына айрықша көңіл бөлінді. Мұнда коммуналдық қызметтер, басқарма мен Түрксіб ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, сонымен қатар жеке ұйымдар, медицина мекемелері және құрылыс компанияларының өкілдері жұмыс істеді. Жалпы бұл аумақта 160-тан астам адам жұмыс атқарды.
70 м³-тан астам қоқыс шығарылды, ал ауданның әртүрлі бөліктерінде өткен экологиялық науқанға қатысушылардың жалпы саны 710-ға жуық адамды құрады.