Ақан сері көшесі, 177 мекенжайындағы абаттандыру жобасы аяқталды

Ақан сері көшесі, 177 мекенжайындағы абаттандыру жобасы аяқталды

Аумақты абаттандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді.

Жоба аясында балалар және спорт алаңдары орнатылды, өзен арнасы бойында воркаут алаңы нығайтылды, футбол алаңы қайта жөнделді, жарықтандыру желісі орнатылды, автотұрақ аумағы асфальтталды және жаңбыр суын бұру жүйесі жасалды.

Сонымен қатар тәртіп сақтау мақсатында аумақта бейнебақылау камералары орнатылды.

Демалыс аймағы қазірдің өзінде шағын аудан тұрғындары үшін жайлы демалыс орталығына айналды.