Аула аумағындағы жөндеу жұмыстары: Майлин көшесі, 77 үй

Аула аумағындағы жөндеу жұмыстары: Майлин көшесі, 77 үй

Аудан әкімі Б.Ақжаров аула аумағын абаттандыру жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты.

Жоба тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда екі көлікке арналған автотұрақпен жол бөлігін кеңейту жүргізілді, жаяу жүргіншілер жолдары салынды, серуендеу аймағы бойымен қоршау орнатылды, футбол алаңын салу жұмыстары жүргізілуде, балалар ойын алаңын орнатуға дайындық жұмыстары басталды.

Барлық жұмыстарды осы жылдың тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Бұған дейін бұл аумақта жылыту маусымында жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету мақсатында «АлТС» ЖШС тапсырысы бойынша жылу желілері ауыстырылғандығын айта кету керек. Сонымен қатар «Алматы Су» МКҚ тарапынан су құбыры желілері де ауыстырылды.

Инженерлік желілерге жүргізілген жұмыстардан кейін тұрғындармен өткен кездесуде бұл мекенжайды аула аумағын ағымдағы жөндеу жоспарына енгізу туралы шешім қабылданды.