Кунгурская көшесінде, Оспенко көшесінен Тынышпаев көшесіне дейінгі аралықта жаяу жүргінші-серуен аймағын абаттандыру жұмыстары басталды.
Жоба аясында жаяу жүргіншілер жолына кеспекше төсеу, жол жиектерін орнату, асфальт жабындысын төсеу, шағын архитектуралық пішіндерді (ШАП) орнату, сыртқы жарықтандыру желісін тарту және қоршау орнату қарастырылған.
Сонымен қатар аумақты абаттандыру аясында жасыл желектерді санитарлық кесу, суару жүйесін орнату, жасыл аймақты жоспарлау және бұта отырғызу жұмыстары жүргізіледі.
Жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін тәмамдалады.