Бекмаханов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Бекмаханов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Жөндеу жұмыстары ВАЗ айналма жолынан бастап Спасская көшесіне дейінгі аралықта жүргізілуде.
Жөндеу аясында жолдың толық ені бойынша асфальтбетон жабындысы қалпына келтіріліп, Бекмаханов көшесінен Рысқұлов көшесіне дейінгі жаяу жүргінші жолы жөнделуде.
Теміржол өткелінің тұсында жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін арнайы резеңке жабынды төселеді.
Жұмыстарды шілде айының соңында аяқтау жоспарланған.