Су құбыры желілерін қайта жаңарту

Су құбыры желілерін қайта жаңарту

Тәжібаев пен Менжинский көшелерінің қиылысында және Физули көшесінен Майлин көшесіне дейінгі аралықта «Алматы Су» ШЖҚ МКК су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстарына кірісті.
Қолданыстағы желілер көп жылдан бері пайдаланылып келген және жөндеуді қажет етті. Қайта жаңарту аясында 96 абонентке дейінгі тармақтармен қоса құбырлар ауыстырылады.
Жұмыстар үш апта бұрын басталды, белгіленген кестеге сай жүргізілуде, аяқталуы қараша айына жоспарланған, одан кейін мердігер жолды қалпына келтіруге кіріседі.