
18 шілде, сағ.12:00, Мини-Арбат (Тлеуберді Сауранбаева көшесі)
Түрксіб ауданының әкімдігі, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының жанындағы Қалалық карьералық орталық және Түрксіб ауданының прокуратурасы бірлесіп бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді!
Іс-шараның мақсаты – пробациялық бақылауда жүрген азаматтар мен жұмыс берушілер арасында біртұтас диалог алаңын құру, сондай-ақ жұмыс іздеп жүрген барлық азаматтарға мүмкіндік беру.
Бұл жәрмеңкеде сіз:
✔️ кеңес ала аласыз,
✔️ тікелей сұхбаттасуға қатыса аласыз,
✔️ өзіңізге лайық жұмыс таба аласыз,
✔️ мансабыңызды жаңа парақтан бастай аласыз.
Жұмыс – әр азаматтың парызы. Мансап алғашқы қадамнан басталады. Ол қадамды бізбен бірге жаса!