Өзен арналарын тазалау жұмыстары

Өзен арналарын тазалау жұмыстары

Кеше коммуналдық қызмет мамандары Аэропорт көлін және Бекмаханов көшесі бойындағы өзен арнасын тазалау жұмыстарын жүргізді. Жағалау аймақтары мен су айдыны қоқыстан қолмен және арнайы техника көмегімен тазартылды.
Апта ішінде Карасу өзенінің Ақан сері көшесі бойындағы арнасы, Петрозаводская көшесі бойындағы және Жас-Қанат шағынауданындағы жыралар тазаланды.
Ал демалыс күндері Таштитов және Ярославский көшелері бойындағы өзен арналарын тазалау жоспарланып отыр.
Өзен арналарының тазалау жұмыстары бекітілген кесте бойынша жүргізіліп келеді, алайда үнемі жаңа қоқыстанған учаскелер пайда болып отырады.
Қала тұрғындарын табиғат байлығына ұқыпты қарауға және қала аумағын абаттандыру қағидаларын бұзбауға шақырамыз.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.