ХҚБ 2025: Майлин / Физули көшелері

ХҚБ 2025: Майлин / Физули көшелері

Аталған мекенжайда бірден екі жоба бойынша жұмыстар жалғасуда.
Майлин көшесіндегі № 95 және № 99 үйлердің арасындағы бос учаскеде тұрғындардың өтініші бойынша кеспекше төсеу және көше жарықтандыру желісін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ал Физули көшесі, 69а үйінің қарсысындағы бос учаскеде автотұрақ алаңын абаттандыру, кеспекше төсеу, жарықтандыру желілерін орнату және суару жүйесін салу жұмыстары атқарылуда.
Жұмыстарды тамыз айының басына дейін аяқтау жоспарланып отыр.