10–12 шілде аралығында Түрксіб ауданында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» атты жедел-алдын алу іс-шарасы өтеді. Бұл шара қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға және отбасы ішіндегі құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Аудан әкімі аппаратының қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, учаскелік тіркеуде тұрған отбасыларды аралады. Бұл – кішкентай балалары бар, жалдамалы пәтерде тұрып жатқан және әлеуметтік тұрғыда көмекке мұқтаж отбасылар.
Мұқтаж отбасыларға бірінші кезекте қажетті азық-түлік себеттері табысталды.
Аталған іс-шара 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы аясында өткізілуде. Жолдауда отбасы институтын нығайту мен азаматтардың құқықтарын қорғауға баса назар аударылған.