Аталған учаскеде сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы басталды.
Жоба аясында 18,8 км сумен жабдықтау желісін және 27,9 км кәріз желісін салу көзделген, бұл 1200 үйді орталық коммуникациямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жобаның ауқымын ескере отырып, құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылы толық аяқталады деп күтілуде. Алайда, жұмыстардың кестесіне сәйкес, жолдарды қалпына келтіру әр учаскеде жұмыстар аяқталғаннан кейін кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.