Жас Қанат шағын ауданында "Абдулла" мешіті ашылды

Жас Қанат шағын ауданында "Абдулла" мешіті ашылды

Қазақстанның Бас муфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Жас Қанат шағын ауданында "Абдулла" жаңа мешіті ашылды. Нысанның құрылысы 2017 жылдың мамыр айында демеушілік қаражатпен басталды. Мешіт 0.5 ГА аумақта орналасқан және онда 1200 адам сыйады. Мешіт 3 қабаттан тұрады, неке қию залы, аудитория, қызметкерлер бөлмесі және 250 адамға арналған асхана орналасқан. Аумақта 100 м2 балалар ойын алаңы және тұрақ орындары бар. Мешіттің бас имамы Мырзаев Тыныштықбай Яхияұлы болды. Ауданымыздыдың барлық мұсылмандарын айтулы оқиғамен құттықтаймыз