Таза Қазақстан: Қайрат шағынауданындағы сенбілік

Таза Қазақстан: Қайрат шағынауданындағы сенбілік

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қайрат шағынауданында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Шағынауданда кешенді санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді: көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдарын жуу және тазалау, шөп шабу, арық жүйесін тазарту, құрылыс қалдықтары, бұтақтар мен тұрмыстық қоқысты жинау және шығару жұмыстары атқарылды.

Әсіресе Даулеткерей көшесі мен 18-көшеге ерекше назар аударылды. Жұмыстарды аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен коммуналдық қызмет мамандары атқарды. Барлығы 200-ге жуық адам тартылды.

Сонымен қатар, аудан бойынша медициналық мекемелер, жеке ұйымдар мен құрылыс компаниялары өздеріне қарасты аумақтарды тазалады. Нәтижесінде 110 м³-ден астам қоқыс шығарылып, жалпы 1 345-тен астам тұрғын сенбілікке қатысты.