Таза Қазақстан: аудан аумағындағы жергілікті сенбіліктер

Таза Қазақстан: аудан аумағындағы жергілікті сенбіліктер

«Таза Аймақ» республикалық экологиялық науқаны аясында бүгін қалалық аумақтар мен жағалау аймақтарын тазалау мақсатында бірқатар жергілікті сенбіліктер өтті.

Басты жұмыстар кешені ҮАК жағалауында жүргізілді. Оған санитарлық тазалау, жасыл желектерді қырқу, шөп шабу, сыпыру, көше-жол желісін жуу және өзен арналарына жақын аумақтарды жинау жұмыстары кірді.

Сенбілікке 650-ден астам адам қатысты, олардың қатарында тұрғындардың бастамашыл топтары, аудан әкімі аппараты мен Экология департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ мердігер ұйымдар бар.

Жалпы 17 арнайы техника жұмылдырылып, шамамен 65 тонна қоқыс шығарылып үлкен аумақ тазартылды.

Науқанға қатысқан әрбір жанға алғыс айтамыз.