Таза Қазақстан: қалалық аурухана аумағындағы сенбілік

Таза Қазақстан: қалалық аурухана аумағындағы сенбілік

№ 8 қалалық аурухананың ұжымы «Таза Аймақ» республикалық экологиялық науқанын қолдау мақсатында аурухана аумағында және оған іргелес аймақта ауқымды сенбілік өткізді.

200 адамның күшімен 150 куб метрден астам қоқыс жиналып, шығарылды, шөп шабу, ағаштарды санитарлық қырқу және арық жүйесін тазалау жұмыстары жүргізілді.

Аудандағы тазалық пен тәртіпке үлес қосқан барлық жандарға алғыс білдіреміз.

Айта кету керек, биыл қаламыздағы бірегей ауруханалардың бірі болып саналатын осы мекемеге қатысты ауқымды қайта жаңарту жұмыстарына арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталады.

Жоба тек бұрынғы балалар ауруханасының пайдаланылмай тұрған ғимаратын қайта жаңартуды ғана емес, сонымен қатар қабылдау бөлімінің жапсарлас құрылысын да қамтиды. Жоба аяқталғаннан кейін бұл ғимарат ересектерге арналған аурухана ретінде қызмет етеді.

Аталған жоба № 8 ҚКА базасында толыққанды медициналық кластер құруға мүмкіндік береді.