Ауданда жаңа сквер пайда болады

Ауданда жаңа сквер пайда болады

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстана отырып, ALLUR компаниясы тұрғындар үшін жайлы жасыл аймаққа айналатын аумақты абаттандыру жұмыстарын бастады.

Бүгін жоба аясында бірқатар кешенді жұмыстар жүргізілетін аталған жобаның таныстырылымы өтті. Мұнда балалар ойын алаңы, серуендеу аймағы мен кафе аумағы абаттандырылып, орындықтар, қоқыс жәшіктері және көше шамдары орнатылады. Сонымен қатар компанияның үлесімен қосымша көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Ауданның дамуына қосқан үлесі үшін ALLUR компаниясына алғыс білдіреміз. Бұл жоба бизнестің қоғам алдындағы жауапкершілігінің жарқын үлгісіне айналмақ.