Жуырда Сүйінбай көшесі бойындағы учаскеде инженерлік желілердің құрылысы басталды.
Жоба аясында 40 үйді орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында ұзындығы 1,9 км болатын кәріз желілерін тарту қарастырылған. Жұмыстарды қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін асфальтбетон жабынын қалпына келтіру де жобада көзделген.
Жұмыс барысы қатаң бақылауға алынды.