Түрксіб ауданының әкімі Б. Қ. Ақжаров аудан әкімі аппаратының қызметкерлерін мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтады. Жүктелген міндеттерді адал және жауапты орындағаны үшін Түрксіб ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері Алматы қаласы және аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Алматы қаласы әкімінің Алғыс хатымен аудан әкімінің орынбасары Наиль Мұратжанұлы Лебаев ауданның экономикалық әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.
Аудан әкімі Бақытжан Қожанбердіұлы Ақжаровтың алғыс хатымен келесі мемлекеттік қызметшілер марапатталды:
Аудан әкімі Б. К. Ақжаров Түрксіб ауданы әкімі аппаратының қызметкерлеріне ауданның дамуына қосқан үлесі мен адалдығы үшін алғыс айтып, денсаулық, кәсіби өсу және аудан игілігі үшін жаңа жетістіктер тіледі.