
Аталған орында өзен арнасын абаттандыру жұмыстары басталды.
Су айдыны маңы көбіне тұрмыстық және құрылыс қалдықтары төгілетін орынға айналып кеткен.
Атқарылатын жұмыстар тізіміне: су тасқындарының алдын алу мақсатында өзен арнасын тереңдету, жаңбыр және еріген қар суларын орталықтандырылған түрде бұру үшін бетон негіздерін төсеу, қолданыстағы көпірге ағымдағы жөндеу жүргізу және жаяу жүргіншілер өткелін абаттандыру кіреді. Сондай-ақ ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары жүргізіледі.
Абаттандыру жұмыстарын кешенді түрде жүргізу мақсатында бұған дейін жақын маңдағы үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізіліп, жоба жүзеге асырылғанда олардың пікірі ескеріледі.
Жұмыстарды тамыз айында аяқтау жоспарлануда.