Жаяу Мұса көшесінде, Рысқұлов даңғылынан Тараз көшесіне дейінгі аралықта жөндеу жұмыстары аяқталды.
Жолдың көлік жүретін бөлігін толықтай асфальттау, сондай-ақ жолдың екі жағынан жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары жүргізілді.
Бұған қоса, бұған дейін хабарланғандай, Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мердігер ұйымы «Қайрат» шағынауданында кепілдік міндеттемелер аясында шөгу орындарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін болады.