Жылу желілерін жаңғырту

Жылу желілерін жаңғырту

Бүгінгі таңда «АлТС» ЖШС тапсырысы бойынша Ақан Сері – Котельников – Сейфуллин – Ақан Сері көшелері шеңберінде, Алтай ықшамауданында және Монтажная көшесінде жұмыс істеп тұрған жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Қысқы жылыту маусымында жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету мақсатында жүздеген көпқабатты тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз етіп отырған тозған желілерді жаңғырту туралы шешім қабылданды.

Жөндеу жұмыстары мамыр айында басталды, ал аяқталуы жылыту маусымының басына жоспарланған.

Жобада құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін асфальтбетон жабындысын қалпына келтіру де қарастырылған.