Саябақтар мен скверлерге қызмет көрсететін мердігер ұйымдар жасыл аймақтарды күтіп-ұстау бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде.
Күн сайын аудан көлемінде ондаған адам санитарлық тазалау, жасыл желек отырғызу, санитарлық қырқу және апатты ағаштарды кесу жұмыстарына жұмылдырылған.
Сонымен қатар мердігер ұйымдар абаттандыру элементтерін қалпына келтіру және қысқамерзімді жөндеу жұмыстарын да кезең-кезеңімен жүргізуде.
Бүгінгі таңда қалпына келтіру жұмыстары Сейфуллин саябағында, Сауранбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағында және Буденный скверінде жүргізілуде.
Жалпы, аудан аумағында шамамен 800 000 ағаш өсіп тұрған 63 жасыл аймақ бар, бұл біздің ауданымызды қаладағы ең жасыл аумақтардың біріне айналдырады.