Аудан аумағында республикалық «Таза Қазақстан» науқаны аясында жергілікті сенбіліктер өтті.
Әртүрлі учаскелерде 1300-ден астам адам еңбек етті — олардың қатарында тұрғындар, коммуналдық қызметкерлер, әлеуметтік мекемелер мен мердігер ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ әкімдік өкілдері болды.
Жұмыстардың тиімді өтуі үшін 25 бірлік коммуналдық және құрылыс техникасы тартылды.
Басты назар Қонаев атындағы ӨК тұрғын алабындағы мемлекеттік бағдарламалар аясында салынған үйлердің айналасына аударылды.
Экологиялық науқанға қатысушылар құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды жинап, шөп шауып, жасыл желектерге су құйып, бедері бұзылған жерлерге топырақ тегістеу жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде 350 текше метр қоқыс жиналып, арнайы техникамен шығарылды.
Сенбілікке белсене қатысқан барлық азаматтарға алғыс білдіреміз!
Мұндай іс-шаралар тек тазалық үшін емес, өзіміз тұратын ауданға жанашырлық танытудың белгісі!