Халық қатысатын бюджет: Чебоксарская көшесі

Халық қатысатын бюджет: Чебоксарская көшесі

Чебоксарская көшесі, 4/5 мекенжайындағы бос аумақта жаңа қоғамдық кеңістік құрылуда.

Қазіргі таңда балалар және воркаут алаңдарының құрылыс жұмыстары шағын архитектуралық пішіндерді (ШАП) орнату кезеңінде жүріп жатыр.

Жоба аясында балалар ойын кешендері мен воркаут құрылғыларын орнату, сыртқы жарықтандыру желілерін жүргізу, жаяу жүргінші тротуарын салу және кеспекше төсеу қарастырылған.

Сонымен қатар қоқыс контейнерлеріне арналған алаң жаңартылады.

Жұмыстар бекітілген кесте бойынша жүргізілуде, шілде айының басында жобаны аяқтау жоспарланған.