Жөндеу жұмыстары Майлин көшесінен бастап Спасская көшесіне дейінгі аралықта жүргізілуде.
Жоба аясында жолдың толық енінде асфальтбетон жамылғысы қалпына келтірілуде.
Сондай-ақ, автокөлік кептелістеріне себеп болған теміржол өткеліне жақын орналасқан аумақ та жөндеу жұмыстарының жоспарына енгізілді.
Тротуарлар қалпына келтірілуде, ал қала тұрғындарының қолайлығы үшін қосымша автотұраққа арналған жол бөлігі қарастырылмақ.
Жұмыстарды тамыз айының соңында аяқтау жоспарланып отыр.