Ержанов көшесінің бойындағы демалыс аймағын абаттандыру жұмыстары

Ержанов көшесінің бойындағы демалыс аймағын абаттандыру жұмыстары

Сұлтан Қарасу өзенінің жағалауы бойындағы аумақты абаттандыруға бағытталған ауқымды жоба 2022 жылы Кондратович көшесіндегі демалыс аймағынан басталған болатын.

Кейінірек бұл жұмыстар Помяловский көшесіне дейін жалғастырылып, бүгінде жоба Ержанов көшесінде жүзеге асырылуда.

Бұл жерде заманауи балалар ойын кешендерімен жабдықталған балалар алаңын салу және жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыруды қамтитын кешенді жұмыстар жүргізілмек.

Жоспарға сәйкес жұмыстар шілде айында аяқталады.