Аула аумақтарын тексеру мақсатындағы жұмыс сапары

Аула аумақтарын тексеру мақсатындағы жұмыс сапары

Аудан әкімі Б. Ақжаров мехпоселоктен Рысқұлов даңғылына дейін, Ақан Сері–Станкевич–Шолохов–Молдағалиев көшелерімен шектелген аумақта, сондай-ақ Монтажная көшесінен ВАЗ айналма жолына дейінгі бірқатар мекенжайлар бойынша мердігер ұйымдардың жұмысын тексеру мақсатында жұмыс сапары жүргізілді.

Жұмыс сапары барысында бірқатар тапсырмалар берілді, атап айтқанда: орындықтар мен қоқыс жәшіктерін сырлау, абаттандыру элементтерін жөндеу, шөп шабу және ағаштардың діңін көтеру, сондай-ақ аумақтарды санитарлық тазарту жұмыстарын күшейту.

Сапасыз жүргізілген тазалық жұмыстары үшін учаске басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған жұмыстар бір апта ішінде орындалатын болады.