Бекмаханов көшесі, 1/2 мекенжайындағы демалыс аймағын абаттандыру

Бекмаханов көшесі, 1/2 мекенжайындағы демалыс аймағын абаттандыру

Көпқабатты тұрғын үйлердің жанында орналасқан бұл мекенжайда бос жер телімі болған, қазіргі уақытта аталған аумақ Халық қатысатын бюджет бағдарламасы аясында абаттандырылуда.

Аталған аумақта жаңа шағын архитектуралық пішіндермен жабдықталған балалар және спорт алаңдарын салу, жарықтандыру, орындықтар, қоқыс жәшіктері мен сәндік перголалар орнату жоспарланған.

Сонымен қатар жоба аясында жақын маңдағы футбол алаңын жөндеу көзделген.

Жұмыстар шілде айының ортасында аяқталады деп күтілуде.