Өткен жылдың соңында Заветная көшесі, 41 мекенжайында оқу кешенінің құрылысы басталды.
Оқу орнының ғимараты 1970 жылдан бері жұмыс істеп келеді, және осы уақыт аралығында мұнда күрделі жөндеу жүргізілмеген.
Жоба аясында 2 оқу корпусы, студенттерге арналған жатақхана, 7 оқу-өндірістік шеберхана салынып жатыр. Оқу орнының жобалық қуаты – 1050 оқу орны.
Жаңа ғимараттарда 28 заманауи оқу кабинеті, спорт залы, кітапхана, 150 орындық асхана және конференц-зал орналасады.
Қазіргі уақытта қасбеттік жұмыстар, шатыр жабу және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты аяқтау 2026 жылғы қаңтар айына жоспарланған.