Қайрат шағынауданындағы инженерлік инфрақұрылымды дамыту

Қайрат шағынауданындағы инженерлік инфрақұрылымды дамыту

Қайрат шағынауданы тұрғындарын орталық коммуникациялармен 100% қамтамасыз ету мақсатында су құбыры және кәріз жүйелері желілерінің құрылысының келесі кезеңін іске асыру жалғасуда. Жоба Қонаев ӨК атындағы тұрғын массивін қамтиды.

Бүгінгі таңда коммуникациялар тарту жұмыстары 80%-ға орындалды, желі құрылысы аяқталған көшелерде мердігер кезең-кезеңімен жолдарды қалпына келтіруге кірісуде.

Қонаев ӨК тұрғын массивіндегі 1-ші көшеде жол жөндеу жұмыстары басталды, ал 24-ші көшеде асфальт төсеуге дайындық жүргізілуде.

Жалпы, барлық жұмыстарды тамыз айының соңына дейін толық аяқтау жоспарланған, жол жабыны жолдың толық ені бойынша қалпына келтірілетін болады, бұл жобада ескерілген.