Бағдарлама аясында Сауранбаев, Спартак, Чернышевский және Ақынов көшелерімен шектелген аумақта Алматы қаласы «ӘӨК» АҚ тарапынан 4 ескі көпқабатты тұрғын үй бұзылды. Қазіргі уақытта бұзылған үйлердің тұрғындары жаңа тұрғын үйлерден бөлінген 152 пәтерге қоныстануда.
Жақында Толстой көшесіндегі №17 үйдің бұзылуы аяқталды, алдағы уақытта қалған 2 үйді (Толстой көшесі 15,15а) бұзып, көпқабатты тұрғын үйді 2 кезеңде салу жоспарлануда.
Кеше тұрғын үй кешендерінің жобаларымен және жоспарланған абаттандыру жұмыстарының егжей-тегжейімен таныстық.