ХҚБ 2025: Великолукская көшесі бойындағы демалыс аймағы

ХҚБ 2025: Великолукская көшесі бойындағы демалыс аймағы

Сейфуллин мен Кассин көшелерінің аралығындағы аумақта балалар мен спорт алаңдары бар демалыс аймағының құрылысы басталды.

Жоба жүзеге асырылатын аумақ — бұрын тұрмыстық қоқыс қалдықтары төгілген бос жатқан жер.

Қазіргі уақытта бұл жерге қауіпсіз жабын төселетін балалар ойын кешендері мен воркаут жаттығу құрылғыларын орнатуды, орындықтар, қоқыс жәшіктері және басқа да абаттандыру элементтерін орналастыруды, сондай-ақ көше жарығының желілерін жүргізуді қамтитын жоба бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыстарды шілде айында аяқтау жоспарлануда.