
Вокзалдан Пугачев көшесіне дейінгі учаскенің шығыс бөлігінде жаяу серуендеу аймағын абаттандыру басталды.
Жоба бойынша аталған аймаққа төсеніштер төселеді, көше жарықтандыру желілері, сәндік перголалар орнату, көгалдар егу және автоматты суару жүйесімен қамтамасыз ете отырып бұталар отырғызу жұмыстары жүргізіледі.
Жұмыстарды шілде айында аяқтау жоспарлануда.