Бүгінгі таңда ұлттық жоба аясында жалпы 6 100 оқушыға арналған 4 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде: «Алтын Сити» ТҮК-те – 1 500 орынға, «Жеті Қазына» ТҮК-те – 2 000 орынға, «Парасат» ТҮК-те – 600 орынға және «Тайм Сити» ТҮК-те – 2 000 орынға арналып салынатын болады. Жобаның негізгі мақсаты – оқушылар үшін заманауи, қауіпсіз және ыңғайлы оқу жағдайларын жасау. Халық санының өсуі мен ауданның дамуын ескере отырып, бұл жобаны іске асыру бүгінде аса өзекті болып отыр.
Мектептер пайдалануға берілген уақытта құжат қабылдаудың басталуы туралы қосымша хабарланатын болады.